$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Apple компаниясының кірістері қысқарып отыр

AstanaTV
27.01.2016ж. 20:00
1686
Apple компаниясының кірістері қысқарып отыр

Аpple компаниясының  кірістері қысқарды. Бұл тенденция өткен жылы тіркелген рекордты сатылымға қарамастан байқалып отыр. Bloomberg агенттігінің жазуынша, 2016 жылдың алғашқы үш айында Apple 50-53 миллиард көк қағазбен пайда тапқан. Салыстырмалы түрде өткен жылы бұл көрсеткіш 58 миллиард шамасында еді.

Сарапшылардың болжауынша, компания құрылғалы бері мұндай түсім болмаған. Айтуларынша, бұл iPhone сатып аламын деушілер қатары азайып отырғанымен тікелей байланысты. Сауда-саттықтың төмендеуіне АҚШ валютасының нығаюы да әсер еткен. Өйткені iPhone мен iPad-тардың өзге елдердегі құны шарықтап кеткен. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА