$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Өскеменде өрттен зардап шеккен 22 адамның далада қалатын түрі бар

AstanaTV
23.01.2015ж. 10:00
1203
Өскеменде өрттен зардап шеккен 22 адамның далада қалатын түрі бар

Өскеменде өрттен зардап шеккен 22 адамның далада қалатын түрі бар. Олардың  «Үлбі» әлеуметтік орталығын мекендеу мерзімі аяқталды. Мұнда тұрғындар уақытша орналастырылған. Жартылай отқа оранған ескі үйлері тұруға жарамсыз.

Әкімшілік бір жұмаға ғана қалдырған, өткен сенбіде осында келгенбіз. Енді шығарып жіберетін шығар. Үйді көрген адам шошиды.Тұратын жер емес. Бір жетіге ғана келдік. Енді не істерімізді білмейміз. Тағдырымыз шешілмей тұр. Барлық жерге бардық. Ешқандай көмек жоқ.

Лениногорская көшесіндегі 5 үй 17 қаңтарда отқа оранды. Өрт үйдің шатырынан басталған. Тұрғындар тек құжаттары мен жылы киімдерін ғана алып шығуға үлгерген. Ал шатыр толық күлге айналды. Қазір өрттің себебін зерттеу амалдары жүргізілуде. Өрт сөндірушілер үйге біреу қасақана от қоюы да мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қалалық әкімдік тұрғындарға:"баспана бере алмаймыз, бірақ далада да қалдырмаймыз",-дейді.

Владимир Головатюк, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

Бюджет қаражатын жанып кеткен үйді қалпына келтіруге заң бойынша жұмсай алмаймыз. Алайда қазір мердігер құрылыс компаниялары үйді қалпына келтіруге көмек көрсетіп, құрылыс заттарын беру үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Азаматтар құжаттарын реттеп, қабырғасы ғана қалған үйлерін күзетуге мәжбүр. Ал көктем келіп, жер аяғы кеңігенше жергілікті билік пен мейірімді азаматтардың көмегіне сенім артады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ