$488.45 €529.19 ₽5.04
×

АҚШ пен Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қарастырып жатыр

AstanaTV
26.01.2015ж. 10:00
1153
АҚШ пен Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қарастырып жатыр

АҚШ пен Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қарастырып жатыр. Бұған дейін жартылай алынуы мүмкін деген шектеулер Украинадағы жағдайдың шиеленісуіне орай сол күйі қалатын болды.

«Америка Ресейге деген қысымын күшейте түспек»,- деп жазады «Коммерсант». Украинадағы ахуал бойынша, Еуропалық одаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлері бейсенбіде шұғыл бас қосады деп жоспарланған.

Ал Ақ үйдің ресми сайтында Америка мен Украина билігі Мәскеуге қарсы қысымды арттыра түсу туралы шешімге келгені хабарланды. Саясаткерлер:«Ресейді 2014 жылдың қыркүйегінде қабылданған Минск келісімінде көрсетілген міндеттеріне немқұрайлы қарады»,- деп айыптап отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ