Жазушы Герольд Бельгер жүрек талмасынан кейін ауыр жағдайда ауруханада
жатыр. Арнамызға сұқбат берген ақ халаттылар оның жансақтау бөліміне
жатқызылып, өкпеге жасанды оттегі беру аппаратына қосылғанын айтты.
Қазақстанның танымал жазушысы 21-ші қаңтарда жүрек талмасына ұшырап, қазіргі
уақытқа дейін әлі айықпаған. Дәрігерлер «қандай да бір қорытынды
жасауға әлі ерте»- дейді. Айта кетейік, ол 1978 жылы бірінші инфарк
алыпты.
Содан кейін тағы да бес рет жүрек талмасына ұшырап, 1999 жылы жазушы
инсульт алды. Атақты қазақстандық жазушы, публицист 80 жасқа келген.
Данияр Аманғалиев, Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары:
Жағдайы нашар деп бағалануда. Ауру қайткенімен ақырындап жеңе
бастаған. Бұрындары ол кісіге дертті емдеудің жедел шаралары ұсынылған болатын.
Бірақ, емделушінің жасын ескере отыра басқа бағытты таңдадық. Қазір ол
дәрігерлердің жіті бақылауында. Заманауи аппараттарды қолдану арқылы қолдан
келгенін барлығын жасап жатырмыз.
Берік ХАСЕНОВ