$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Оңтүстік Қазақстан облысы инвесторлар тартудан алда келеді

AstanaTV
27.01.2016ж. 20:00
1551
Оңтүстік Қазақстан облысы инвесторлар тартудан алда келеді

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін шетелдік инвесторлар есебінен қырыққа жуық жаңа жоба жүзеге асады. Бұл туралы Шымкентте аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкерлік, индустриалды инновациялық даму және туризм басқармасы өкілдері айтты.

Қазірдің өзінде Қытай мен Ресейден бөлек, Польша, Канада, Италия және Корей елінің іскер азаматтары 4 млн АҚШ ақшасын құюға ниетті. Оңтүстікте кәсібін жандандыруға ықыластылар негізінен машина, құрылыс материалдары мен  жиһаз жасайтын зауыттар салуды көздейді. "Бұл Елбасы жолдауында үкімет пен жергілікті атқарушы орындар алдына қойылған нақты тапсырма шеңберінде жасалып отырған жұмыс", - деді басқарма басшысы.

Қазақстан экономикасына тартылатын инвестиция көлемін жыл сайын 10 млрд АҚШ валютасынан асыру міндеті қойылғаны белгілі. Осы ретте елімізге келуге ынталы инвесторлар Оңтүстікке тоқталғанды жөн көреді екен. Өңірде жеті индустриалды аймақ жұмысы жолға қойылған. Жыл соңында олардың саны он бірге жетпек. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ