Солтүстік
Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының төрағасы жұмыстан кетуге өтініш жасады. Бұған
төрағаның құмар ойындарға берілгені себеп болған сыңайлы. Қаңтардың 23-і күні
әлеуметтік желілерде судьяның осындай орталықтардың бірінде жүргені туралы
бейнежазба жарияланды.
Андрей
Диганттың ойын үстелі алдында тұрғаны анық көрінеді. Облыстық сот өкілдері
ресми сайттарында бұл фактіні растады.
«Соттың ішкі
қауіпсіздік бөлімі тексеру жүргізіп, экономикалық сот төрағасының шын мәнінде
казиноға барғанын дәлелдеген. Андрей Дигант этикалық кодекстің нормаларына
қайшы әрекеттер жасады».
Ақпарат құралдарына таратылған
жазбаша мәліметте осылай делінген. Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта «экономикалық
сот төрағасы бұл әрекетінен кейін лауазымынан босату туралы өтініш
қалдырғаны, қазір өтініші қаралу үстінде» екені
көрсетілген.
Абзал ҚҰРМАНКИН