Оңтүстік
Қазақстан облысы тұрғындарының төлқұжаты енді қысқа мерзімде дайын болады.
Шымкентте ашылған «Ақпараттық-өндірістік орталығы» халыққа
осындай мүмкіндік беріп отыр. Бұл
Алматы және Астана қаласынан кейінгі құжат әзірлейтін үшінші нысан.
Ақпараттық-өндірістік
орталықтың бірден бір тиімділігі құжаттарды дайындау мерзімінің қысқаратынында. Мұнда күніне 800 төлқұжат пен 1 мың 500 жеке куәлік шығарылады. Айта өтейік, 2014 жылы бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында 235 мыңдай азаматқа
жеке куәлік және төлқұжат рәсімделген.
Ішкі істер министрлігіне тиесілі орталықта
көршілес Жамбыл және Қызылорда облысы азаматтарының да құжаттары әзірленбек.
Нысанды салуға қазынадан 700 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Борис Омаров, ІІМ «Ақпараттық-өндіріс орталығы» РМК директоры:
Бұрын
біздің бұйрықтарымыз бойынша отыз күнде документ жасайтын. Енді қазір
біз оны 15-20 күнге дейін қысқартайын деп отырмыз. Сол арқылы бұл Оңтүстіктегі жалғыз филиал ғана
болмайды. Әрі қарай біз орталығын Ақтөбе етіп алып, Батыс Қазақстан облысында да
ашамыз ба деп отырмыз.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ