Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

2 миллиард теңге жымқырмақ болғандардың жолы кесілді

AstanaTV
29.01.2015ж. 10:00
967
2 миллиард теңге жымқырмақ болғандардың жолы кесілді

Атырау әкімдігі қаланы көкалдандыруға бөлген 2 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырмақ болғандардың әрекетін әшкере етті. Бұл туралы өткен жылды қорытындылаған жиында облыстық прокуратура өкілдері айтты.

Құзырлы орынның дерегінше, ұйымдастырушылар электрондық түрде жүргізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсының тәртібін өрескел бұзған. Заңда мұндай қызмет көрсетулерге мүгедектер ұйымына қатысуға басымдылық берілген.

Ал ұйымдастырушылар, конкурсқа мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуына болатындығын ашып көрсетпеген. Дәл осы конкурс екінші рет жарияланған кезде де, комиссия мүшелері тәжірибесіз компанияның жеңуіне мүдделі болыпты.

Облыстық прокуратура қызметкерлерінің араласуымен, өткізілген конкурс заңсыз деп танылған.

Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

Екінші қайтара өткізілген конкурста да комиссия мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібін бұзып, тасымалдаушы компаниялардың біріне басымдылық берілген. Осы тектес олқылықтар жіпке тізілген комиссия мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ