$448.39 €486.91 ₽5.83
×

АШМ: Қазақстан Ресейдің астығына мұқтаж емес

AstanaTV
29.01.2015ж. 20:00
716
АШМ: Қазақстан Ресейдің астығына мұқтаж емес

Қазақстан шет елдерде астық сақтау терминалдарының құрылысын тоқтатуы тиіс. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді. Ведомство басшысының сөзінше, тасымалдау шығынына кететін бюджеттің қыруар қаражатын отандық фермерлерді қолдауға бағыттау қажет.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Біз Грузияның Поти порты мен Владивостоктағы астық терминалы құрылысынан бас тартуымыз керек. Астық тасымалын субсидиялауға бюджеттен жылына 15 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалып келеді. Одан да бұл ақшаны отандық фермерлерді қолдауға, тұқым алуға, техника лизингінің субсидиясына жұмсайық. Бұл Ресей логистикасына ақша төккеннен әлдеқайда артық, өйткені Астанадан Новороссийскке дейін жол шығындары 120 долларды құрайды.

Ал вице-министр Сапархан Омаров біздің арнамызға, Қазақстан Ресейден астық импорттайды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, мәлімдеді. Егін орағы кезінде астықтың біраз бөлігі қар астында қалғанымен, қолда бар бидай қоры ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, тіпті экспорттауға да жететін көрінеді.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Ресейден астықты импорттау жоспары жоқ. Біздің өзіміздің өсірген астығымыз өзіміздің ішкі сұранысты толығымен жабуға және 7 миллиондай астықты сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах