Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылорда облысында 15 темір жол кассасы жабылып, 100 шақты адам жұмыссыз қалды

AstanaTV
29.01.2015ж. 20:00
1655
Қызылорда облысында 15 темір жол кассасы жабылып, 100 шақты адам жұмыссыз қалды

Қызылорда облысында әуе және теміржол билеттерін сататын 15 касса бір мезетте жабылып, 100 шақты адам жұмыссыз қалды. Олардың барлығы «АБМ Қызылорда» серіктестігі құрамында қызмет көрсетіп келген. Вокзал ғимаратында жиналған наразы топ бүгін өз талабын білдірді.

Мөлдір Құтпанова, «АБМ Қызылорда» ЖШС кассирі:

Бүкіл жеке касса жабылсын, өйткені біз бәріміз бірдей бір жұмысты істеп жатырмыз. Ешкімнің артынан ешқандай арыз жоқ. Демек бәрін де жапсын. Біздің жоғарыға айтатын әңгімеміз: бізді жаба ма, онда бәрін жапсын. Ал, егер бізді жауып, орнымызға басқа касса алып келе ме, демек, онда коррупция болып жатыр.

Қызылорда темір жол вокзалы «Вокзал-Сервис» акционерлік қоғамының Ақтөбе қаласында орналасқан Батыс аймақтық филиалына қарайды. Акционерлік қоғам вокзал мен ондағы сервистік қызметке жауапты. Басшылары - Ақтөбеде. Біз филиал басшысына телефон арқылы хабарластық. Білгеніміз - қызмет көрсету жөніндегі барлық келісімшарттармен «Вокзал-Сервис» орталығының аппараты тікелей өздері айналысады екен. 

Үрзимат Махатов, «Вокзал-Сервис» АҚ Батыс аймақтық филиалы директоры:

Бізге касса бойынша тиым салды, енді орталықтандырылған жүйе бойынша деп, келісім жоғарыда жасалады. Маған хабарлама  келіп тұр, солай жаса деп. Олай жасамасам, мен  ұстап отыра алмаймын ғой адамдарды.

Шарипа САҚТАПОВА