$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Үміт Шаяхметова: Қазақстанның банк секторының ел экономикасын несиелендіруге мүмкіндігі жоқ

AstanaTV
03.02.2015ж. 20:00
1181
Үміт Шаяхметова: Қазақстанның банк секторының ел экономикасын несиелендіруге мүмкіндігі жоқ

Қазақстандағы банк секторының ел экономикасын несиелендіруге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы біздің арнамызға «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

Үміт Шаяхметова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы: 

Бүгін біз қарапайым түрде теңгенің тапшылығын көріп отырмыз. Әсіресе банк секторында. «Ұлттық банктен» 15 пайыздық жарнамен алатын қаражат теңгенің өтелімін қамтамасыз етіп отыр. Ал енді экономиканы несиелендіру туралы айтар болсақ, банк секторында қаражат жоқ. Жаңа кәсіпорындарды айтпағанда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға көмек көрсету қиынға түсіп отыр. Бұл өтелмейтін несиелер проблемасына алып келуі мүмкін. Қазірдің өзінде кей компаниялардың жұмысшылар алдында қарыздары бар. Кәсіпорындардың алған қаражаттарын өтей алмауы, отандық экономиканың дамуын тежейді.

Үміт Шаяхметова, қазіргі жағдайда отандық өндірісті қолдау үшін, екі жол болуы мүмкін, дейді: теңге курсын түзету немесе шекараны жабу. Бірақ, оның ойынша, шекараны  «жабу» - Қазақстан экономикасы үшін тиімді әрі жеңіл  «соққы» болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ