$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Тайвань астанасыда құлаған «TransAsia» әуе компаниясының ұшағы апатынан 19 адам қаза тапты

AstanaTV
04.02.2015ж. 20:00
942
Тайвань астанасыда құлаған «TransAsia» әуе компаниясының ұшағы апатынан 19 адам қаза тапты

Тайвань астанасы Тайбэй қаласында құлаған «TransAsia» әуе компаниясының ұшағы апатынан 19 адам қаза тапты, 16 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады. Ақпар бойынша, Цзиньмэнь аралдарына бет алған ұшақ бортында барлығы 58 адам болған.

Мына кадрларда ұшақтың төмендеуі көрініп тұр. Ұшуға бет алған сәтте лайнер автокөлік жолдары көпірін іліп кетсе керек, ізінше өзенге құлады. Зардап шеккендердің бірқатары салоннан өз беттерінше шыққан. Бүгін «TransAsia» әуе компаниясының атқарушы директоры Чэн Чинде қайғылы оқиғаға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Жұрағат БАМАН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах