Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ресей 1,6 млн гектардан астам жерді Қазақстанға қайтармақ

AstanaTV
17.04.2015ж. 10:00
965
Ресей 1,6 млн гектардан астам жерді Қазақстанға қайтармақ

Ресей Қазақстан аумағындағы қолданылмай жатқан жерлерді жалдаудан бас тартып, бізге 1,6 миллион гектардан астам жерді қайтарып бермек. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысумен Ресейде өткен кездесуде Астана мен Мәскеу тиісті құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді,- деп хабарлайды «РИА Новости».

Қайтарылатын аумақтың ішінде Қарағанды мен Жамбыл облыстары аймағында орналасқан Сарышаған полигоны бар. Сонымен қатар Ресей әуе күштерінің ұшу сынақ алаңы болып келген Ақтөбе облысындағы орталық та өзімізге берілмек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ