Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресей Иранға «С-300» зениттік әуе қорғанысы кешенін қайта экспорттайтын болды

AstanaTV
17.04.2015ж. 10:00
1085
Ресей Иранға  «С-300» зениттік әуе қорғанысы кешенін қайта экспорттайтын болды

«Ресейдің Иранға «С-300» зениттік зымыран кешенін сатуына тыйым салынуы Иранның ядролық бағдарламасына байланысты». Тікелей эфир барысында Ресей президенті Владимир Путин осыны мәлімдеді,- деп жазады Рейтерс. Ресей басшысының айтуынша, бұл қадам арқылы Мәскеу БҰҰ-ның санкциялық режимін бұзған жоқ. Өйткені «С-300» санкцияларға ілікпеген.

Еске салайық, сәуірдің 13-де Путин дау болған «С-300» зенитті әуе қорғанысы кешенін Иранға экспорттауға рұқсат берді. Аталмыш зымырандарды мұсылман еліне шығаруға 2010 жылдан бері тыйым салынған еді. Бүгінде әскери қаруды жеткізу мерзімін шешу мәселесі ғана қалған. «Daily Beast» порталының хабарлауынша, мұндай қуатты зенитті кешенмен қаруланған Иранға енді шабуыл жасау мүмкін емес.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

Келісім-шартты бір тараптан ғана тоқтатып қойдық. Енді Иранның ядролық бағдарламасында оң қадамдар байқалып жатқанда, бұл бір жақты тыйымды ары қарай созудың қажеттілігі қалмады. Біздің ойымызша, аймақтағы жағдайға орай, әсіресе Йемендегі ахуалды ескерсек, мұндай зымырандарды жеткізу тежеу факторы ретінде әсер етуі мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ