Астанада
футболдан Қазақстан кубогының жеребе тастау рәсімі өтті. Алғашқы іріктеу
жарысына 10 команда қатысады. Тұсау кесер ойында «Лашын»
мен «Болат»,
«Қыран»
мен «Каспий»,
«Екібастұз»
бен «Байтерек»,
«Махтаарал»
мен «Ақжайық»
және «Байқоңыр»
мен «Қызылжар»
командалары өзара мықтыны анықтайды. Екінші кезеңге тікелей жолдама алған
Семейдің «Спартак»,
Өскеменнің «Восток»
және Алматының «ЦСКА»
командалары бірінші айналымнан сүрінбей өткен ұжыммен кездеседі.
Қазақстан
футбол федерациясының қабырғасында өткен жеребе тастау рәсіміне барлық
командалардың өкілдері қатысты. Басқосу барысында турнирді қабылдайтын
командалар мен стадиондар анықталды.
Самат ҚАНАҒАТОВ