$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Ұлыбританияда 3 ата-ана жабылып, бір баланы дүниеге әкелмек

AstanaTV
05.02.2015ж. 10:00
1215
Ұлыбританияда 3 ата-ана жабылып, бір баланы дүниеге әкелмек

Ұлыбританияда 3 ата-ана жабылып, бір баланы дүниеге әкелмек. Бұл елдің парламенті, «ДНК үлгілерін пайдалана отырып, жасанды ұрықтандыру туралы заңды мақұлдады»,-деп жазды BBC. Осылайша, Ұлыбритания бұл тәсілді енгізген алғашқы мемлекет болмақ.

Бұл әдіс туа біткен дерті бар ерлі-зайыптыларға арналған. Яғни, бір ананың жұмыртқа клеткасына басқа әйелдің органелласы енгізіледі. Басқаша айтқанда, бір сәбиді ұрықтандыруда екі әйелдің клетка ішілік құрылымы қолданылады.

Бұл технологияны ғалымдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері қолдап отыр. Олар: «осы әдіс бойынша мыңдаған британдық ана өмірге сау бала әкеле алады», - дейді. Ал, жаңа технологияға қарсы шыққандар, ДНК таңдау мүмкіндігі - сәбиге кері әсер етеді, деген пікірде.

Human Genetics Alert құқық қорғау ұйымы бұл әдістің клиникалық тәжірибесі жоқтығын айтады. Сыншылар:«ДНК-ның өзгеруі - болашақ сәбидің зат алмасуына және түр-әлпетіне кері әсер етеді», - деп отыр.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА