Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Қазақстанның азаматтық альянсы» әлеуметтік желілерде азғырушылықпен айналысатындарды жазалау керек деген ойда

AstanaTV
05.02.2015ж. 10:00
1056
«Қазақстанның азаматтық альянсы» әлеуметтік желілерде азғырушылықпен айналысатындарды жазалау керек деген ойда

Әлеуметтік желілердегі арандатушылықтарға тиым салмаса болмайды. Осыны реттеу тұрғысында елімізде арнайы заң қабылдануы тиіс. «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетовтің пікірі осындай.

Бұл мәселемен күресті қолға алатын кез келді деген ол, өзі Фейсбук сынды ресурстарды мүлде қолданбайтынын айтты. Десе де, түрлі желілерде арандатушылар қатарының көп екеніне алаңдаушылық білдіріп, ондайларды міндетті түрде жазалау керек дейді.

Нұрлан Ерімбетов, "Қазақстанның азматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті:

Бүгінде әлеуметтік желідегі азғырушыларды жазалайтын заң жоқ. Осындай жандарды жақтырмайтындар көп арамызда. Біз кез-келген тілде еркін сөйлейміз. Арандатушыларды жазалайтын бір заң тетігі болуы керек деп ойлаймын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА