Ақтөбе
облысында фермер, ал Атырауда мұнайшы болып істейтін азамат бар. Екі жұмысты
қатар алып жүретіні - мал өсіретін ферманы әкесі ашқан, сондықтан әке баптаған
малды сатып жіберуге қолы бармаған. Шаруаға қазір баласын үйретіп жүр.
Макар Өтегенов, «Ілияс» шаруа
қожалығының директоры:
Бұл қожалықтан қыруар пайда
көріп отырғанымыз жоқ. Тек
өзінің шығындарын жабады. Біз одан әрі дамып, кеңейтуді ойлап жүрміз. Егер сол
бағытта жұмыс істемесек, тұралап қаламыз. Болашақты ойлау керек.
Сәлімжан
Мұхиев, «Ілияс» шаруа қожалығының бригадирі:
Бұрын механизаторлар СПТУ дейді, ГПТУ дейді, оқып келетін еді. Бүгінгі таңда жастар ондайға көп оқымайды да, қазір
ауыл шаруашылығына жастардың көп ынтасы жоқ.
Ертең 20.00.-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан мұнайшы-фермер
туралы ғана емес, киіктердің қырылу себебін анықтауға байланысты бітпейтін ақша
сұрау мен Шымбұлақтың «шыңырау бағасы»
жайлы материалдарды көріңіздер.