$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Қызылордада тұрғындар ПИК төрайымымен соттасып жатыр

AstanaTV
29.01.2016ж. 20:00
2434
Қызылордада тұрғындар ПИК төрайымымен соттасып жатыр

Қызылордада қаланың қақ ортасындағы шағын аудан тұрғындары пәтер иелері кооперативі басшысымен соттасып жатыр. Өткен жылы жазда аталған кооператив басшысы қайта сайланған болатын. Алайда ол шешімді «Әли» ПИК төрайымы негізсіз деп танып, мойындамайтын көрінеді. Сондықтан орнын ешкімге бермей отыр. Тараптарды тыңдаған әріптесім Шарипа Сақтапова тақырыпты толықтырады.

6 көпқабатты үй «Әли» ПИК тиесілі. Баспананың салынғанына 40 жылдан асқан. Ал тұрғындардың ПИК төрағасына көңілдері толмайды. Олар әбден тозығы жеткен ғимараттардың жөндеу көрмегеніне 20 жылға жуықтады деп отыр.

Раиса Ким, Қорқыт-Ата көшесі №7 үйдің тұрғыны:

Жертөлелерде бір де-бір рет жөндеу жасалған емес, төбемізден су ағады. Мен бесінші қабатта тұрамын. Екі жыл сайын шатырды өзім жөндеймін. ПИК ешқашан ештеңені жөндеген емес.

Тұрғындар соңғы рет былтыр мамыр айында жиналып, ПИК төрағасын алмастыруды ұйғарған. Сөйтіп басқа адамды ПИК басшысы етіп өзара сайлап алады.

Гүлзипа Мұқашева, Қорқыт-Ата көшесі № 3«А» үйдің тұрғыны:

Өткен жылдың жазында жалпы жиналыс өткізіп, хаттама толтырып, тұрғындардың 54 пайызы дауыс беріп, ПИК басшысын қайта сайладық. Бұл төрайымды орнынан алып тастадық. Бірақ ол хаттаманы мойындамады, сегіз ай болды орнында отыр, кеңсені  босатпайды. Жұмыс та істемейді, кетпейді де.

Төрайыммен бір мәмілеге келе алмаған шағын аудан тұрғындары қалалық әкімшілікке де шағымданған.

Ерлан Бердібаев, Қызылорда қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

Ол біздің коммуналдық меншіктегі мекенжай. Бұрында КСК-ларға көмек ретінде олардың офисына, жұмыс орнына беріліп отырған. Бірнеше рет хат жолдадық Қарлығаш Махамбетоваға босату жөнінде ғимаратты. Ол кісі босатпай отыр. Енді ол КСК-лар заңды тұлға ретінде тіркелгеннен кейін, соңғы зандылыққа енгізілген өзгерістерге байланысты, оны біз енді сот арқылы босату әрекетін жасаймыз.

«Әли» ПИК төрайымы Қарлығаш Махамбетовамен бізге телефон арқылы тілдесудің сәті түсті. 14 жылдан бері осы қызметті атқарып келе жатқан төрайымның да тұрғындарға өкпесі қара қазандай.

Қарлығаш Махамбетова, «Әли» ПИК төрайымы:

Кворум не состоялся, 28 человек, 488 квартир в шести домах. Кворум не состоялся, я считаю, собрание необоснованным. Алты үйден қазір алты жарым миллион қарыз тұр. 488 пәтерден 260 тәулікке, сағатқа жалға беріледі. Бұл деген Бродвей в нашем квартале. Менің істеген ремонтым көрінбейді.

Тұрғындардың шағымы бойынша ПИК төрайымына қатысты іс қазір экономикалық сотта қаралып жатыр. Келесі сот отырысы ақпанның басына белгіленген. Екі жақтың да сот шешімін күтуден өзге амалы жоқ.

Шарипа САҚТАПОВА