$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстан халқы Ассамблеясы туы салтанатты түрде көтерілді

AstanaTV
06.02.2015ж. 20:00
1262
Қазақстан халқы Ассамблеясы туы салтанатты түрде көтерілді

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы салтанатты түрде басталды. Бейбітшілік және келісім сарайы алдында халық Ассамблеясы жылының туы көтерілді.

Осы алаңда «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флешмоб өтті. Ал Бейбітшілік және келісім сарайында «20 ізгі іс» атты эстафетаның символы – «Тайқазанды» Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ақмола облысы басшылығына тапсырды. Жәдігер көшірмесі екі күн бұрын Түркістаннан бас қалаға жеткізілген. «Тайқазан» еліміздің барлық өңірлерін аралап, Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 сессиясының ашылуы қарсаңында елордаға оралады. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова жиылған жұртқа Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Біз осы бір жылды өміріміздегі ең маңызды құндылықтар: тәуелсіздік, еркіндік, бірлік, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісіміне арнайтын боламыз. 20 жыл ішінде ҚХА шын мәнінде жалпыхалықтық, жалпыазаматтық, саясатүсті орган болып қалыптасты, конституциялық дәрежеге жетті. Сондықтан ҚХА жылы - біздің ортақ мерекеміз, барлық 17 млн қазақстандықтың ортақ ісі, әрбір азамат еліміздегі бейбітшілік пен туған жеріміздегі келісім алдындағы жауапкершілігін толық сезінуі тиіс.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ