$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Алматыда шаңғы спортынан жастар арасында Әлем чемпионаты аяқталды

AstanaTV
09.02.2015ж. 13:00
1093
Алматыда шаңғы спортынан жастар арасында Әлем чемпионаты аяқталды

Алматыда жасөспірімдер арасындағы шаңғы жарысынан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сайыста әлемнің түкпір-түкпірінен 23 жасқа дейінгі спортшылар өз бақтарын сынап, мықтыларын анықтады.

Алатау баурайындағы аламан жарыста әлемнің 36 елінен бес жүзден аса спортшы өзара күш сынасты. Командалар арасында алдыңғы орында сенімді біріншілікпен Норвегия құрамасы озып шықты.

Олардың қоржынында 18 медаль: 10 алтын, 4 күміс және 4 қола. Екінші орынды Ресей еншіледі. Үздік үштікті Германия спортшылары қортындылады. Ал, командалық есеп бойынша төртінші орында бір алтын, екі күміс және екі қоламен австриялық спортшылар тұр.

Еліміздің намысын шаңғы жарысынан 26 спортшы қорғады. Сондай-ақ биік тұғырдан секіруден 5 спортшымыз сайысқа шықты. Өкінішке орай, олар қоржынымызға бірде-бір медаль сала алмады.

Брит Балдишол, Норвегия командасының бас бапкері:

Норвегияда шаңғы жарысы нөмірі бірінші спорт, футболдан да маңыздырақ әрі танымал. Шаңғы - ұлттық спорт. Сондықтан, норвегиялық спортшылар әлемдік жарыстарда әрқашан бірінші орыннан көрінуге тырысады.

Берік ХАСЕНОВ