$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Ұлыбритания Эбола вирусынан зардап шеккен Африка елдері қорына алғашқы болып 50 миллион доллар көмек қаржы жөнелтті

AstanaTV
10.02.2015ж. 10:00
949
Ұлыбритания Эбола вирусынан зардап шеккен Африка елдері қорына алғашқы болып 50 миллион доллар көмек қаржы жөнелтті

Ұлыбритания алғашқылардың бірі болып, Эбола вирусынан зардап шеккен Африка елдеріне 50 миллион доллар көмек қаржы жөнелтті. Рейтер агенттігінің мәліметінше, арнайы қор құру туралы шешімді өткен аптада халықаралық валюта қорының үйлестіруші-директоры Кристин Лагард жариялаған.

Батыс Африка елдерінде аталған індетке 9004 адам шалдыққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше
«қара» континентте 100 мың адам басына тек бір дәрігерден келеді.

Олардың өзі қалада тұратындықтан, ауылды мекендердегі емделушілерге көмек қолдары жете бермейді. Біріккен ұлттар ұйымының болжамынша, Эбола вирусымен күреске барлығы 600 миллион доллар қажет.

Жұрағат БАМАН 

 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах