$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Қырғызстандық дәрігерлер күйдіргі ауруымен күресіп жатыр

AstanaTV
10.02.2015ж. 10:00
753
Қырғызстандық дәрігерлер күйдіргі ауруымен күресіп жатыр

Қырғызстандық дәрігерлер күйдіргі ауруымен күресіп жатыр. Бүгінде Джалал-Абад облысында арнайы штаб құрылған. Бұл жайында елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Интерфакс» хабарлайды.

Майлы-су қаласы мен жақын аймақтарда да медициналық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Сібір жарасы ауруына шалдыққан адамдармен байланыста болған 180 адам анықталған.

Қазіргі таңда аурудың таралуына себеп болуы мүмкін малдың еті тиесілі тексеріске жіберілген. Айта кетейік, қырғызстандық төтенше жағдайлар министрлігі өткен аптада Майлы-су қаласында 7 адам күйдіргі ауруына шалдыққаны туралы ақпар таратқан болатын.

Жұрағат БАМАН  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах