«Мұрат
Оспанов 11 жыл қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуі тиіс». Бүгін мемлекеттік
айыптаушылар сотта Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысына
осындай жаза берілуін сұрады. Сондай-ақ, оның жеке мүлкін тәркілеу жайы да
айтылды.
Сандуғаш
Рыспаева, прокурор:
Оспановтың
баспанасын тінту кезінде табылған 37 мың АҚШ долларын, Астана қаласындағы
жылжымайтын мүлкі мен Семейдегі жер телімін, және компьютерін мемлекет
меншігіне өткізуді сұраймын.
Айта
кетейік, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысы Мұрат Оспанов
өткен жылы шілдеде ұсталған. Ол үш жүз мың доллар көлемінде пара алды деген
күдікке ілінді. Алайда экс-шенеунік сотта кінәсін мойындамады. Айтуынша, ақшаны
кәсіпкер досынан, қызының ұзатылу тойын жасау үшін, қарызға алған. Ал прокурор
Рыспаева пара алу фактісі тіркелген кезде, күдіктінің екі қызы мен зайыбының
банктердегі есепшоттарында 780 мың АҚШ доллары болғанын айтты. Қорғаушылар
отбасының қаржылай қиындығы жоқ, сондықтан пара алуға да негіз жоқ дегенді алға
тартып, барлық айыптауларды жоққа шығарды.
Мұрат
Оспанов, күдікті:
Кіші
қызым өткен жылдың 28 маусымында Еуропа университеттерінің бірінде диплом
қорғаған. Ол шетелде жүргендіктен, біз оның жеке есеп шотынан қаржы шешу құқығына
ие болмадық. Ал үлкен қызым үйлену тойына әзірленіп жүрді. Осы себепті оның
өзінен қаржы сұрауды теріс деп санадым.
Айта
кетейік, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысы Мұрат Оспановқа
қатысты сот үкімі 2015 жылдың 13 ақпанында шығарылады.
Жұрағат БАМАН