«Норманд
төрттігінің» Минскідегі
Украина ахуалына қатысты келіссөздерінің өтіп жатқанына 12 сағаттан асып кетті.
Бұл жайында Рейтерс жазады. Ресей Президенті Владимир Путин, Украина лидері
Петр Порошенко, Германия канцлері Ангела Меркель, сондай-ақ Франция көшбасшысы
Франсуа Олланд арасындағы кездесу жабық есік форматында өтуде.
Сондықтан, қандай
да бір нақты ақпарат әлі жоқ. Делегация мүшелері де комментарий беруден бас
тартып отыр. Десе де, келіссөздерге қатысып жатқандарға жақын тұлғалардың мәліметіне
қарағанда келісімнің 80 пайызы мақұлданған.
Соңғы екі пункттің бекітілуі қалды, деп жазады шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары. Германия сыртқы саясат
ведомствосының басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер өзінің Твиттердегі парақшасында
келіссөздер ауыр өтіп жатқанын айтты. Жүздесу алдында 4 елдің басшыларының ешқайсысы
қандайда бір мәлімдеме жасаған жоқ.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА