Теңге құнының долларға шаққандағы бағамы, әлемдік нарықтағы мұнай бағасына тікелей байланысты. Егер де жақын арада, қара алтын құны барелліне 50 доллардан төмендесе, Ұлттық банк теңге бағамын қайта қарауға дайын. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Егер мұнай құны барреліне 50 доллардан төмендесе, теңге бағамын сатылап реттеуді қарастырамыз. Мен орташа жылдық көрсеткіш немесе созылмалы арзандау процесі орын алған жағдайды айтып отырмын. Мұнай арзандаса валюталық дәлізді кеңейтеміз.
Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы соңғы кездері екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлерге теңгемен несие бермей келгенін мойындады. Енді банктердегі теңге тапшылығы ұлттық компаниялар қаражатының есебінен шешіледі.
Кеше Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры мен өзге ұлттық компанияларды Ұлттық банкке теңгенің тұрақтылығын ұстап тұруға, және банк секторына көптеп-көмектеп жәрдем берулерін сұрады. Ал қажетті қаражат көлемін, бүгін Қайрат Келімбетовтың өзі жариялады.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Бүгін
көптеген кәсіпорындар банктердің несие бермейтінін, немесе тек доллармен
беретінін айтып, шағымдануда. Алдағы 3-6 ай ішінде теңге өтелімінің қандай
көлемі қажет дейтін болсақ, банктермен кеңесе келе, 500 миллиардтан 1 триллион
теңгеге дейін деген есеп құрдық.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ