Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан Елбасы пікірлерін шымкенттіктер құптайды

AstanaTV
12.02.2015ж. 20:00
1003
Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан Елбасы пікірлерін шымкенттіктер құптайды

«Әлемдік қаржылық қиындықтарға қарамастан, биыл елімізде мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өседі». Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан осы сөзін әсіресе білім саласының қызметкерлері қуана қабылдады. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасын жаңа оңтайландыру шараларымен толықтыру жөніндегі тапсырмасы Шымкенттегі №45 мектептің директоры Роза Пактің көңіліне қонымды. «Елбасы жұмыс орындарын қысқартпау, мерейтойларды азайтып, есесіне бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысын өсіру секілді мәселелерді қадап тапсырды. Бұдан артық қандай жағдай керек»,- дейді ұстаз.

Роза Пак, Шымкент қаласындағы №45 орта мектептің директоры: 

Балабақша, мектеп секілді әлеуметтік нысандар құрылысының тоқтамайтыны қуантады. Оңтүстік өңірі үшін бұл өзекті мәселе. Білім ошақтарын қажет ететін елді мекендер көп. «Балапан» бағдарламасы да бұрынғысынша қарқын ала бермек. Яғни әлеуметтік салада ешқандай тапшылық сезілмейді деген сөз.

Алмасбек Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Үлкен-үлкен салынып жатқан әлеуметтік нысандар бар, басталған нысандардың барлығы толығымен аяқталып, қалған басқа жобалардың осы қаржы дағдарысынан кейін жүзеге асырылатындығын атап көрсетті. Осы орайда дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын бекітіп, үкіметке бір ай көлемінде осыны жүзеге асыру керектігін атап көрсетті.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 


 

Алдыңғы жаңалық