Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандық «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің институттары қайта құрылады

AstanaTV
12.02.2015ж. 20:00
1077
Қазақстандық «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің институттары қайта құрылады

«ҚазАгро» холдингінің институттары қайта құрылады. Бұл туралы «Қазақстан фермерлер одағының» жыл сайынғы форумында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді. Айтуынша, холдинг институттарын мамандандыру ісі жуық арада қолға алынбақ.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: 

Бүгінде несие беру ісімен айналысатын үш ұйым бар. Біз олардың жұмыс бағытын нақтыламақпыз. Мәселен, лизингпен айналысатындар тек сол істі ғана өз мойындарына алуы керек. Кепілдік берушілер өз саласында, несие берушілер де өз ісімен айналысады. Бұл бизнес өкілдері үшін қолайлы. Осылайша «ҚазАгро» холдингінің барлық қажетті қаржы ресурстары бір жүйеде құрылмақ. Оның өзіндік банкі, өзіндік сақтандыру, лизингтік ұйымдары жеке-жеке қызмет етпек.

Отандық фермерлер одағы өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік қаржылық сауықтыру бағдарламасына көбінесе ірі компаниялар қатысып, 300 миллиард теңге сомасында қолдау алған. Күні кеше Президент аталмыш бағдарлама аясындағы көмек қаржыны 500 миллиард теңгеге дейін ұлғайту қажеттігін айтқан болатын. Ендігі мәселе ауыл шаруашылығы саласындағы орта кәсіп иелерін осы бағдарламаға тарту болып отыр. 

Ақжол Әбдіқалықов, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:

Мемлекеттік қаржылық сауықтыру бағдарламасы, «банкрот» алдында тұрған компанияларды құтқарып қалу үшін, жасалған. Алайда мұның тек ірі компанияларға арналғанын жасыру үшін, оған бірқатар қожалықтар енгізілген. Шынын айту керек, көптеген ірі компаниялар тиімділіктерін дәлелдей алмады. Президент кешегі үкімет отырысында бұндай компанияларды қолдауды доғару қажеттігін айтты.   

Жұрағат БАМАН


 

Алдыңғы жаңалық