Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ерболат Досаев: Әкімдіктер кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымды дер кезінде салмайды

AstanaTV
17.02.2015ж. 20:00
874
Ерболат Досаев: Әкімдіктер кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымды дер кезінде салмайды

Әкімдіктер кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымды дер кезінде салмайды. Кәсіпкерлер Ұлттық экономика министрлігіне осы орайда жиі шағымданады екен. Бүгін бас экономист Ерболат Досаев Мәжілістің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті жиынында шенділерден осы мәселені ескеруді өтінді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бізге әдетте қаржы бөлінген, бірақ инфрақұрылым тартылған жоқ деген шағымдар түседі. Оны жергілікті органдар атқаруы керек. Біз уақытылы ақша бөлеміз, байқауды кеш өткізеді ме, әлде басқа да себептері бар ма, жергілікті шенділер кәсіпкерлердің жұмысын бөгейді. Осында отырған депутаттардан, аймақтардан келген шенділерден осы мәселеге ерекше мән беруді сұраймыз. Әсіресе бүгінгі жағдайда.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ