Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Экспортерларды қолдау үшін 35 млрд теңге бөлінбек

AstanaTV
17.02.2015ж. 20:00
951
Экспортерларды қолдау үшін  35 млрд теңге бөлінбек

Үкімет экспортерларды қолдау үшін 35 млрд теңге бөледі. Осындай жаңалықты бүгін Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев жеткізді. Сондай-ақ, министр Президент тапсырмасымен елдің экспорт туралы жаңа саясаты құрылатынын мәлімдеді. Жаңа саясат Орталық Азия, Кавказ бен Иран нарығына шығу мүмкіндіктерін қарастырады.

Министр индустрияландырудың екінші бесжылдығына қатысуға ниетті компаниялардың саны 100-ден асатынын айтып өтті. Олардың алпысы индустрияландыру картасына еніп отыр. Әсет Исекешев, екінші бесжылдықты жүзеге асыруда бірқатар қиындықтар болатынын да жасырмайды. Мәселен, көрші Ресей рублінің девальвациясы мен мұнайдың әлемдік нарықтағы құнының құлдырауы форс-мажорлық жағдайға тіреуі мүмкін дейді.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестиция және даму министрі:

2015 және 2016 жылдары оңай болмайды. Сондықтан біз қосымша сараптама жұмыстарын жүргіземіз. Кішігірім өзгертулер енгізуіміз мүмкін. Дегенмен Елбасының тікелей тапсырмалары мүлтіксіз орындалады. Атап айтқанда, еңбек өнімділігі арттырылып, сапалы өнім өндіріліп, маман даярлау жұмыстары тоқтатылмайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА