Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Березовкадағы тұрғындардың талабы - оқушыларды түс қайта оқыту

AstanaTV
18.02.2015ж. 13:00
872
Березовкадағы тұрғындардың талабы -  оқушыларды түс қайта оқыту

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка аулының тұрғындары енді мектептегі сабақ уақытын өзгертуді талап етіп отыр. Олардың сөзінше, оқушылар әсіресе таңертеңгі уақытта өздерін жайсыз сезінеді. 

Осыдан бірер күн бұрын ауылда 18 адам есінен танып құлады. Оларға көмек көрсетіліп, екі оқушы ауруханаға жатқызылған. Ал мұндай жағдайдың жиілегенінен қауіптенген ата-аналар балаларын мектепке жібермей, үйден оқытпақ ниетте. 

Ауылдағы мәдениет үйінде бас қосқан тұрғындар соңғы екі айдың ішінде аурудан бас көтермеген балаларын шетелде емдетуге ақша сұрады. Сонымен қатар, жергілікті биліктен сабақ уақытын түс кезіне ауыстыруды да талап етті. 

Айгүл ОРАЛБАЕВА - Березовка ауылының тұрғыны: 

Балалар таңертең ауыра беретін болғасын, олардың сабағын түс кезіне ауыстырып, тексеріп көргіміз келеді. Ал әкімдік өкілдері оқушыларға оттегі коктейлін беретінін айтып, уәде етті. 

Еркін КАРИН