Жергілікті мәслихат
депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат шараларына жұмсалатын қаржы мөлшері
бекітілді. Аталған қаржы мемлекеттік бюджет есебінен жабылады. Орталық
сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, қаралған қаражат көлемі өткен сайлау
науқанымен бірдей.
Мысалы, Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы мәслихат
депутаттығына үміткерлердің телевизиялық үгіт-насихатына 70 мың, радиоға 20,
баспа беттеріндегі екі мақаласына 85 мыңнан үлестіріледі. Ал қалалық және
аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің телевизиялық үгіт жұмыстарына 36
мың, радиоға 7 мың, баспасөз беттеріндегі екі мақаласына 62 мың теңге беріледі.
Айта кетейік, Мәжіліс пен
жергілікті мәслихаттар сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Ал келесі күні
Қазақстан халқы ассамблеясы өз арасынан депуттарды сайлайды.
Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық
сайлау комиссиясының мүшесі:
Сонда, жалпы айтқанда, мына облыстық және Астана мен Алматы мәслихат депутаттығына кандидаттары үшін берілген 245
мың теңге, енді қалалық және аудандық депутаттарға 153 мың теңге беріліп отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ