$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Астана әуежайы шетелдік компаниялар үшін жағармай бағасын 1000 долларға дейін түсірді

AstanaTV
19.02.2015ж. 10:00
627
Астана әуежайы шетелдік компаниялар үшін жағармай бағасын 1000 долларға дейін түсірді

Ақпаннан бастап Астана әуежайы шет елдік тасымалдаушы компаниялар үшін, жағармай бағасын тоннасына 1000 долларға түсірді. Бұл жайында Астана арнасына авиация саласындағы маман хабарлады. Бұл ақпаратты Астана әуежайының өкілдері растады.

Людмила Копейчук, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі:

«Астана әуежайы қаңтарда шетелдік тасымалдаушыларға 10 пайыз жеңілдік жасаған. Ақпаннан бастап тағы 10 пайыз ұсынды. Ал қазақстандық тасымалдаушыларға 3 пайыз жеңілдік қарастырылған».

Еске салайық, жанармай арзандаған соң «Эйр Астана» бас қалаға қатынайтын рейстердегі билет құнын 25 пайызға түсірді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты «Түрік әуежелісі» Қазақстанға ұшу құнын 11 пайызға төмендеткен.

Мөлдір ДЮСЕКИНА 






orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах