Қызылжарда Ішкі істер
департаментінің бастығы Берік Біләлов жол жүру ережесі бойынша емтихан
тапсырды. Бас полицейдің сынақ тапсыру сәтіне БАҚ өкілдері куә болды.
Арнайы комиссия генерал-майордың 40 сұрақтың 34-іне дұрыс жауап бергенін
анықтады. Өңірдің бас полицейі, кез-келген тәртіп сақшысы жол ережесін білуге міндетті, дейді. Генерал емтиханға бір
апта дайындалғанын айтты. Енді басқарма және бөлім басшылары сынақ тапсыратын
болды.
Берік Біләлов, СҚО ІІД басшысы,
полицияның генерал-майоры:
Біз жол жүру ережесін Кеңес
үкіметі кезінде тапсырдық. Кейін қаншама өзгерістер болды. Полицейлер барлық
заңдардан хабардар болуы тиіс. Бұған қоса, былтыр Солтүстік Қазақстанда көлік
саны бес мыңға артқан. Сондықтан аса қырағылық таныту керек. Бүкіл полицейлер
жыл бойы емтихан тапсырады. Егер өте алмаса, жұмыстан шығармаймыз. Дайындалуға
уақыт береміз, сонан соң қайта тапсыруға мүмкіндік алады.
Абзал ҚҰРМАНКИН