$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Киев Ресейдің Донбассқа берген газы үшін өтемақы төлеуден бас тартты

AstanaTV
20.02.2015ж. 13:00
928
 Киев Ресейдің Донбассқа берген газы үшін өтемақы төлеуден бас тартты

Киев Ресейдің Донбассқа берген газының өтемақысын төлеуден бас тартып отыр. Бұл туралы «РИА Новости» жазады. «Нафтогаз» компаниясының басқарма төрағасы Андрей Коболевтің айтуынша, «Газпромның» әрекеті келісім-шартқа қайшы.

«Келісім шарт бойынша газ тасымалы тек Ресей мен Украина арасындағы шекараға дейін белгіленген. Әрі қарайғы рәсімді украиналық монополистер реттейді. Ал «Нафтогаз» Ресейден Донбассқа газ беруді сұраған жоқ.

Сондықтан Украина ешқандай төлем жасамайды
», - деді Андрей Коболев. «Қазіргі таңда Донецк пен Луганск өңірлері қай компанияның өнімін тұтынып отырғаны белгісіз», - деп жазды агенттік.

Жұрағат БАМАН