$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Жас Отан» 2016 жылда атқарылуы тиіс іс-шараларын пысықтады

AstanaTV
01.02.2016ж. 20:00
1557
«Жас Отан» 2016 жылда атқарылуы тиіс іс-шараларын пысықтады

«Жастар - Отанға» жобасы қайта бастау алмақ! «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты 2016 жылы атқарылуы тиіс іс-шаралармен таныстырды. Олар әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықпен белсене күреспек. Ол үшін аймақтарда «Кеңес орталығы» деп аталатын консалтингтік орталықтар жұмыс істейді. Ауыл жастарына түрлі бағыттар бойынша қолдау көрсетілмек. Мәселен, олардың білім алып, өз кәсібін ашуына баса мән беріледі. Әрі психологиялық жәрдем көрсетіледі.

Бұдан бөлек, «Жас Отан» «Еріктілер мектебінің» шеңберін ұлғайтып, «Жастар - Отанға», «Қазақстан - таза мекен» және «Әскердегі бір күн» акцияларының жұмысын жетілдіре түспек. Осы мақсатта Қазақстан жастар конгресі мен «Жасыл ел» еңбек жасағымен бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Былтыр 27 мыңдай жасқа көмек көрсетілген.

Аян Сакошев, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы:

Біз, ең бірінші, осы кеңес орталықтарының жұмысын жандандыратын боламыз. Сосын жастар саяси лагерлерін өткіземіз. Аймақтық және республикалық деңгейде ең белсенді, ең танымал жастарды жинап, қоғамдық белсенді жұмыс жасауға ары қарай жалғастыруға жағдай жасаймыз.