Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Павлодардағы су перісінің мүсіні тағы да бұзақылардың құрбаны болды

AstanaTV
23.02.2015ж. 10:00
1057
Павлодардағы су перісінің мүсіні тағы да бұзақылардың құрбаны болды

Керекудегі су перісінің мүсіні тағы да бұзақылардың құрбанына айналды. Бұл жолы белгісіз біреулер ескерткішті өзенге лақтырып жіберген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Ертіс жағасындағы мұздың үстінде жатқан мүсінді тауып, қайта тұғырына қондырды.

Екі метрлік биіктіктен құлатылғандықтан, мүсіннің басына аздап зақым келген. Ескерткіштің жоғалып кеткенін осы маңға жақын жерде орналасқан құтқару қызметінің өкілі байқапты.

«Үйреншікті жолыммен жұмысқа келе жатып, бір нәрсенің жетіспей тұрғанын аңғардым. Ойлана келе, Ертіс өзенінің символына айналған су перісінің мүсіні жоқ екенін түсіндім»,- дейді құтқарушы Василий Акимов.

Ол шұғыл полицияға хабарласып, арнайы мамандар маңайды тексеріп шыққан. Көп кешікпей өзен жиегінде жатқан ескерткішті тауып алып, орнына қояды. Айта кету керек, бұл жағдай осымен үшінші мәрте қайталанып отыр.

Сондықтан, құтқарушылар бұзақыларды анықтау үшін аумаққа бақылау камерасын орнатуды ұсынады. 
Бірден су перісінің мүсіні жоғын байқадым. Маңайын бір айналып, бақылап шықтым.

Ешқандай іздер немесе қандай да бір күдікті нәрсе байқалмады. Дереу жұмысқа келіп, басшылыққа баяндадым. Содан полиция жасағын шақыртып, іздеуге кірістік.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ