$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Тұрғын үй құрылысына 2020 жылға дейін 198 млрд теңге бөлінеді

AstanaTV
23.02.2015ж. 13:00
789
Тұрғын үй құрылысына 2020 жылға дейін 198 млрд теңге бөлінеді

Тұрғын үй құрылысы үшін 2020 жылға дейін 198 млрд теңге бөлінеді. Аталған мерзімге дейін бір жарым млн шаршы метрге жуық баспана салу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сенат депутаты Елеусін Сағындықов айтты.

Депутат сондай-ақ, тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында 2017 жылға дейін 210 млрд теңге қаралғанын айта кетті. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға 70 млрд, ал балабақша салуға 20 млрд теңге бөлінгелі отыр.

Сенатор шағын-орта бизнесті қолдау шараларының артып келе жатқанын атап өтті.

Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Сондай-ақ 2015-2016 жылдары шағын жəне орта бизнеске қолдау ретінде 200 млрд теңге қарастырылмақ. Оның 100 млрды льготный кредит дейміз аз көлемді процентпен, кредит беріледі. Шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен қаржыландыру 555 млрд теңге болайын деп тұр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ


 

 
orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах