Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда қызылшаға қарсы екпеден соң 4 бала ауруханаға түскен

AstanaTV
24.02.2015ж. 20:00
1606
Атырауда қызылшаға қарсы екпеден соң 4 бала ауруханаға түскен

Ал Атырауда балалар мен жасөспірімдердің қызылша екпесінен соң ауруханаға түсуіне ақ халаттылардың өздері кінәлі. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина Камелова мойындады.

Дина Камелова, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

Адам факторының рөлі бұл жерде орнын тауып отыр. ОРЗ - Жедел инфекциямен ауырғанына қарамастан, алып кеткен балалар бар. Сосын бранхиальды астма деген бар, сол диагнозбен алып кеткен балалар бар.

15-19 ақпан аралығында қызылша ауруына қарсы екпе алған соң, облыстық аурухананың қабылдау бөліміне оншақты жасөсірім шағымданған. Қазір олардың төртеуі аурухана төсегіне таңылды. Сервис колледжінің студенті - Аманжол Қарымсақов сол күні сабаққа тұмауратып келгенін айтады. Қызылшаға қарсы екпе алып үйге келгенде, жағдайы нашарлап, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шығады.

Аманжол Қарымсақов, студент:

19-ы күні сабаққа бардым. Сол күні грипп болып аурып жүрдім. 12-лерде прививка салды. Үйге барған соң судорога ұстады, жедел жәрдеммен келдім.

Гүлмира Құтмамбетова, Атырау облыстық ауруханасының аллерголог-дәрігері:

Бұрын аллергиялық ауруы болған, крапивница, яғни есекжеме, ол бала да алған. Вакцинадан кейін 1 тәуліктен кейін жедел крапивница, квинке ісігі байқалған. Педиатрдың бақылауынан, жасөспірімдер терапевтісінің бақылауынан кейін, солардың рұхсатымен салу керек еді.

Қазір аймақта арнайы мамандармен комиссия құрылды. Екпе салған ақ халаттылар жасөспірімдердің жағдайын жеке-жеке тексермеген. Нәтижесінде бұрын да созылмалы сырқаты бар балаларға дәрігердің рұхсатынсыз екпе салынады.

Айта кетейік, облыста 18 мыңнан астам балаға екпе жасалған. Ал еліміздің бірнеше аумағында болып жатқан келеңсіздіктерден соң, Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі «иммундау процесі наурыздың екісіне дейін тоқтатылатынын» хабарлаған болатын. 

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ