Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Қазақстанда жасалған» өнімдер ешкімнен кем емес

AstanaTV
25.02.2015ж. 10:00
1841
«Қазақстанда жасалған» өнімдер ешкімнен кем емес

Қазақстанда жасалған өнім шетелдік тауардан еш кем емес. Агроөнеркəсіп комитетінің төрағасы Иван Сауэрдің пікірі осыған саяды. Отандық өнімдердің сапасы Астанада өткен Орталық коммуникация қызметінің брифингінде сөз болды.

Иван Сауэрдің пайымынша, қазақстандықтарды отандық өнім сатып алуға үндеген бастама дер кезінде көтерілді. Жалпы «қазақстандық тауар импорттық өніммен бәсекелесе алмайды» деген пікір қате. «Отандық тауарлардың сапасы көңілге қонымды»,-дейді. Агроөнеркəсіп комитетінің төрағасы Иван Сауэр.

Иван Сауер, ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы:

Отандық кəсіпкерлердің тауарларын сатып алуға арналған бастама дер кезінде басталды деп ойлаймын. Бірақ, қазіргі уақытта барлығы ол бастаманы қолдап кетті деп айтуға ерте. Өйткені, əлі оның нәтижесін шығаратындай уақыт өтпеді. Менің ойымша, отандық, яғни ішкі тұтынушыларға бағытталған тауарларды өндірушілер нарыққа бейімделді.