$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Президент сайлауын күн ілгері өткізуді соғыс ардагерлерлі де құптайды

AstanaTV
25.02.2015ж. 20:00
1233
Президент сайлауын күн ілгері өткізуді соғыс ардагерлерлі де құптайды

Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді соғыс ардагерлері де құптайды. Қазақстан халықтарының бейбіт өмірі кешегі от пен оқтың ортасында болған аға буынның ерлігінің арқасы. «70 жыл бұрын қанмен келген бейбітшілікті баянды ету, ел басқаратын адамға байланысты»,- дейді шымкенттік соғыс ардагері Пернебек Жұмашев.

Жасы тоқсанға келген қарт майдангер саясаттан қалыс қалған емес. Әлі күнге дейін басылымдарды күн сайын қарап, әлемде болып жатқан жағдайларды сараптап отырады. 17 жасында соғысқа аттанған ақсақал елге оралғасын көптеген салада белді қызметтер атқарды. «Президент сайлауын ұйымдасқан түрде өткізіп алсақ, дағдарыстан да қорқып қажеті жоқ. Ауызбіршілігі жарасқан елдің экономикасы өркендеп, даңқы асқақтай беретініне кәміл сенемін»,- деді майдангер. 

Пернебек  Жұмашев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Ол сайлауға толық біз қосыламыз. Себебі қай жерде тыныштық болса, сол жерде береке болады. Сол жерде басшының абыройы артады. Сол жерде халықтың экономикасы және мемлекеттің бірлестігі күшейеді. Сондықтан мен соғыс ардагері есебінде Ассамблеяның қабылдаған шешіміне толық қосыламын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ