Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Қайта оралған есімдер» акциясы басталды

AstanaTV
25.02.2015ж. 20:00
1795
«Қайта оралған есімдер» акциясы басталды

«Қайта оралған есімдер». Бүгін еліміздің барлық аймақтарында осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының республикалық акциясы басталды. Бұл шара «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қолға алынған. 

Қостанай облысындағы Владимировка ауылының оқушылары Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориалға ескерткіш лентасын қойды. Бұл оқушылар - «Олимп» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері. Балалар іздеу жұмыстарымен белсенді айналысуда. Солардың арқасында хабар-ошарсыз кеткендер қатарына жатқызылған жауынгерлердің жерленген орны табылды. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында мектеп маңындағы ескерткіште іздеу жасағы оқушылары тапқан жауынгерлердің есімдері жазылады деп жоспарланып отыр. 

Абылайхан Кәкенов, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және бақылау бөлімінің кеңесшісі:

Клубтың ең басты жасайтын жұмысы - Владимир Фауннан соғыс кезінде белгісіз қалған батырларымыздың есімдерін қайтару болып табылады. Владимир Фаунның 51 адамы табылған болатын. Олардың есімдері, жатқан жерлері табылып, мінекей, біздің Отанымызға қайта оралып, тарихымызды жаңадан жазатын болды.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық