Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Биыл Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,5 пайызды құрайды

AstanaTV
25.02.2015ж. 20:00
1131
Биыл Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,5 пайызды құрайды

Биыл Қазақстанда жалпы іші өнім өсімі 1,5 пайызды құрайды. Мұнай бағасы түскенге дейін ол 4,8 пайыз деп болжанған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте сенатор Ерболат Мұқаев мәлімдеді.

Алдын ала болжамға сәйкес ІЖӨ 2016 жылы 2,3, ал 2017 жылы 3,4 пайыз көлемінде болады. Биыл өсімнің бақандай 3,3 пайызға кеміп кетуіне мұнай бағасы әсер еткені белгілі. Осы тұста айта кетейік, еліміз мұнай көлемін жыл санап арттыруды жоспарлаған. 2018 жылы 90 млн тонна, ал 2019 жылы 93 млн тонна қара алтын өндіру көзделіп отыр.

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Негізі базалық сценарий 2015 жылдың бюджеттің, өздеріңізге белгілі, 80 доллармен қаралған болса, 2015-2017 жылдары 50 доллар төңірегінде, 2018-2019 жылдары 60 доллар төңірегінде болғалы отыр. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ