Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Түркияда екі әскери ұшақ құлады

AstanaTV
26.02.2015ж. 10:00
1136
Түркияда екі әскери ұшақ құлады

Түркияда әскери ұшақтардың апатқа ұшырауы салдарынан, қаза тапқан ұшқыштардың саны төртке жетті. Елдің Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, экипаж мүшелері оқу-жаттығу жүргізбек болған.

Көп ұзамай RF-4E әскери ұрыс ұшақтары, бақылау құрылғысын жоғалып кеткен. Оқыс оқиға, Малатия провинциясындағы Акчадаа елді мекенінің маңайында орын алған. Бұл өңір Сирия елінен 150 шақырым қашықтықта жатыр.

Оқиғаның неден болғаны әзірге белгісіз. Мамандар, ауа-райының қолайсыздығынан, әуеде соғысып қалған болуы мүмкін деген,- болжам айтты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жерге құлаған ұшақтардың бөлшектері бір шақырымға дейін шашылған.

Оқиға куәгері:

Соғысқан ұшақтардың даусы шықпады. Тек құлағаннан соң байқадық. Қаңқалары ауыл маңайынан алыс жерге түспеді. Оқиға орнына келген арнайы іздестіру тобы екеуінің денесін тез тапты, екеуін таңға дейін іздестірді.

Самат СҮЛЕЙ