$498.51 €522.84 ₽4.81
×

ҚКХП Парламент Мәжілісінің депутаттығына өз тізімін ұсынды

AstanaTV
02.02.2016ж. 20:00
1634
ҚКХП Парламент Мәжілісінің депутаттығына өз тізімін ұсынды

«Парламент Мәжілісі - тәжірибе жинақтайтын орта емес. Сондықтан депутаттыққа білікті, мол тәжірибесі бар азаматтар түсуі тиіс». Осылай деген Қазақстан коммунистік халық партиясы өкілдері алдағы парламенттік сайлауда тәжірибелі азаматтарға жол бермек.

Бүгін партия алдағы парламент сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін жариялады. Коммунистер тізген 22 адамның ішінде мәжілістің бесінші шақырылымында болған 7 депутаттың алтауы бар. Жаңа тізімде Төлеш Кенжин жоқ. Оныншы съезд қатысушылары партияның сайлауалды бағдарламасын да бекітті. «Әлемді кезекті қаржылық дағдарыстан біржола құтқарар жалғыз жол - коммунистік идея»,- деді жиын қатысушылары.

Тұрғын Сыздықов, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:

Қазіргі жоспарланып отырған мәжіліс депутаттарын сайлау біздің партиямызға ерекше сынақ болып отыр. Біз халық үмітін ақтап, олардың мүдделерін білдіру үшін сайлауға жоғары дәрежеде дайындалып, қатысуымыз қажет.

Съездің ізін ала коммунистер тізімін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Коммунистік партия парламенттің бесінші шақырылымының сайлауы кезінде сайлаушылардың жеті пайыздан астам дауысын жинағандықтан, оның мүшелері Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау жарнасын төлеуден босатылады.

Бұдан бөлек, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы да бүгін өз үміткерлерін тіркеді. Осылайша парламент сайлауына қатысатынын ресми түрде үш партия растады. Қазір мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткерлердің саны 168-ге жетті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ