$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 7 күн демалады

AstanaTV
27.02.2015ж. 13:00
1154
Наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 7 күн демалады

Жаңалықтар соңында наурыздағы мерекелер жайлы ақпарат. Наурыз айындағы қос мерекеде қазақстандықтар 7 күн демалады. Бұл жайында ҚазТАГ ақпарат агенттігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге түсуіне орай, мерекелік демалыс 9-шы наурызға ауысқан. Ал, Наурыз мерекесінде отандастарымыз 5 күн демалады. Мемлекеттік мерекелердің бірі 
 әз-Наурыз 21-мен 23-ші наурыз аралығында тойланады.

Биыл наурыздың 21 мен 22-сі сенбі мен жексенбіге түскендіктен, аталған мерекелік демалыстар 24 мен 25-іне ауысты. Айтып өтейік, «Қазақстан Республикасының мерекелер» туралы заңына орай, мерекелер аптаның сенбі-жексенбісіне сәйкес келген жағдайда, мерекелік демалыстар аптаның басына ауысады деп көрсетілген.

Торғын ОСПАНБАЕВА




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах