Биыл президент сайлауын өткізуді қазақстандықтар қаншалықты қолдайды? Осы
сұрақты арқау еткен арнайы әлеуметтік сауалнаманы «Қоғамдық-саяси үрдістерді
сараптау және жобалау бюросы» өткізді. Оған телефон арқылы 1600 адам қатысқан.
Респонденттердің 90 пайыздан астамы саяси шешімді қолдайтындарын білдірген.
Сауалнамаға қатысушылардың 95% кезектен тыс сайлау әлемдік
дағдарысты еңсеруде қазақстандықтардың басын біріктіреді десе, 92% - сайлау
«Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді іске асыруға сеп болады деген пікірде. Ал 95%
- кезектен тыс сайлау әлемдік экономикалық ахуалға байланысты шұғыл шешім
қабылдауға әсер етеді дейді. Респонденттердің 93% - сайлауды биыл өткізу келесі
жылы Парламент сайлауымен қатарласып келмеуі үшін керек деп, жауап берген.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ