$458.87 €493.84 ₽6
×

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон АҚШ президенттігіне таласпақ

AstanaTV
02.03.2015ж. 10:00
733
АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон АҚШ президенттігіне таласпақ

Америка құрама штаттарының бұрынғы бірінші ханымы әрі мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 2016 жылдың сәуірінде өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті. Бұл жөнінде Wall Street Journal басылымы жазады.

Ақпарат көздері оның сайлау компаниясының қоры миллиард долларға жететінін болжап отыр. Клинтон ханым мемлекет басшысы қызметіне таласқысы келетінін ресми түрде мәлімдеген жоқ.

Алайда былтыр бір сөзінде сайлауға түсетінін айтып қалған-ды. Ал АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама, экс-мемлекеттік хатшы, Хиллари Клинтоннан
«тамаша президент» шығар еді деген пікірін білдірді.

2016 жылғы сайлауға түсуі мүмкін үміткерлер тізімінде Клинтонмен қатар, миллиардер Дональд Трамптың есімі де аталады.

Самат ҚАНАҒАТОВ

  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах