Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Борис Немцовтың өліміне қатысты тергеуді радикалды ұлтшылдар ісі бойынша маман жүргізеді

AstanaTV
02.03.2015ж. 13:00
971
Борис Немцовтың өліміне қатысты тергеуді радикалды ұлтшылдар ісі бойынша маман жүргізеді

Саясаткер Борис Немцовтың өліміне қатысты тергеуді Ресей Тергеу комитетінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, радикалды ұлтшылдар ісі бойынша маман Игорь Краснов жүргізеді. Бұл туралы қазір куәгердің қорғаушысы және марқұмның адвокаты Вадим Прохоров мәлімдеді.

Бұрын Краснов Анатолий Чубайсқа жасалған қастандықты тергеген, сондай-ақ, ол радикалдарға қатысты талай атышулы қылмыстардың бетін ашқан. Мұны РБК арнасы Құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Тергеу тобында барлығы 12 тергеуші бар. Қазір олар бейнебақылау жазбасын зерттеп, соңғы айда Немцовтың кіммен хабарласып, қайда барғанын анықтап жатыр. Еске салайық, 27-ақпанда Мәскеуде оппозиция өкілі, белгілі саясаткер Борис Немцовты атып кетті.

Ол Мәскеу көлі үстіндегі үлкен көпірмен танысымен бірге өтіп бара жатқан жерде оққа ұшты. Немцовтың өліміне түрткі болуы мүмкін түрлі версиялар қарастырылып жатыр. Саяси көзқарасы үшін ұлтшыл радикалдар қолынан қаза табуы мүмкін,- деген де жорамал бар. Кеше Мәскеу мен Петербургте, Ресейдің басқа да ірі қалаларында Борис Немцовты еске алу маршы өтті.

Мөлдір ДЮСЕКИНА