Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ҰОС ерлік танытқан қазақстандық батырлар туралы «kaharman.kz» сайты іске қосылды

AstanaTV
02.03.2015ж. 20:00
1691
ҰОС ерлік танытқан қазақстандық батырлар туралы «kaharman.kz» сайты іске қосылды

«Қаһарман.kz» жобасы іске қосылған алғашқы 2 күнде сайтқа 600-дан астам интернет қолданушы кіріп, екінші дүниежүзілік соғыста жақындарын жоғалтқан азаматтардан ондаған хаттар мен телефон қоңыраулары түсіпті.

500-ден астам Кеңес Одағының батыры мен 120 кавалерия ордендерінің иегерлері туралы деректер тіркелген сайт - «Нұр Отан» партиясының 16 жылдығы қарсаңында Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған тартуы.

Жоба жетекшісі, шамамен 5 жыл көлемінде еріктілердің ерен еңбегімен ауқымды ақпарат қоры жиналып, сайтқа әзірге тек 560 батыр жайында ақпарат жарияланғанын айтты. Сайттың дерек қоры алдағы жылдары кеңейе түседі. Жобаның мақсаты - соғыс қасіретін адам тағдыры арқылы суреттеп, батыр бабалар есімдерін, әсіресе жастардың жадында қалдыру.

Ерлан Оспан, жоба жетекшісі:

Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова - бұлардың есімдері, әрине, танымдық әдебиеттерде, киноленталарда, деректі фильмдерде әбден айналдырылғансын, бұлардың есімдерін барлығы біледі. Бірақ сол уақытта 500-ден астам ерліктері сол Әлия мен Мәншүктен, не болмаса Талғат Бигельдиновтен, Бауыржан атамыздан кем емес, 500-ден астам ерлердің есімдері, өкінішке қарай, белгісіз. Біз әдейі жастарға қызық болсын деп, тіпті өз жерлестерін мақтан тұтып жүрсін, ең болмаса, деп, әдейі геолокациялық принципте, яғни картаның бетінде белгілеп отырамыз, ұдайы жаңартып отырамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ